Иран Президенті: Иран мен Венесуэланың қазіргі қарым-қатынасы одан ары артуы керек
Иран Президенті сенбі күні кешке Венесуэла Президенті Николас Мадуромен телефон арқылы сұхбаттасып, екі елдің қатынасын стратегиялық сипатта деп бағалады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси Иран мен Венесуэланың жоғары əлеуетіне тоқталып: "Иранның жаңа үкіметі тұсында екі елдің қазіргі қарым-қатынасы одан ары артуы тиіс",-деді.
Раиси Венесуэла үкіметі мен халқының тəуелсіздік, əділеттік пен ақиқатты талап етіп, үстемшіл жүйемен күресіп келе жатқанына тоқталып: "АҚШ-тың Венесуэла үкіметі мен халқына санкция салуының себебі - олардың тəуелсіздік пен азаттық талап етуі",-деді.
Иран Президенті Венесуэлада сайлаудың сəтті өтуімен құттықтап: "Сіздің сайлауда сəттілікке жетуіңіз Венесуэла үкіметінің беделін көрсетеді",-деді.
Николас Мадуро осы телефон арқылы сұхбатта Иран мен Венесуэланың ОPEC аясында əріптестік жасайтынына тоқталып: "OPEC-ті мұнай нарығында тұрақты жағдайға жеткізуге талпынуымыз керек. Иран мен Венесуэла арасында ортақ іс көп. Ортақ комиссияның көмегімен жаңа келісімшарттарға қол қоятынымызға үмітіміз зор",-деді.