Қазақстан мен Пәкістанның Сыртқы істер министрлері Ауғанстан және екіжақты қарым-қатынастың дамуы туралы кеңесті
(last modified Fri, 17 Dec 2021 16:17:42 GMT )
Жел 17, 2021 22:17 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Пәкістанның Сыртқы істер министрлері Ауғанстан және екіжақты қарым-қатынастың дамуы туралы кеңесті

Қазақстан мен Пәкістанның Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, екі елдің өзара қарым-қатынасын дамыту қажеттігін айтты.

Fars ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауынша, Мұхтар Тілеуберді және Шах Мехуд Куреши осы телефон арқылы сұхбатта екі елдің қазіргі жағдайы мен саяси-экономикалық салалардағы қарым-қатынас перспективасын талқылап, аймақтың маңызды мәселелері жайлы пікір алмасты.  

Қазақстан Сыртқы істер министрі сұхбат барысында осы елдің Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберу үшін халықаралық қауымдастықта жасап жатқан талпыныстарына тоқталып, Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің  Ауғанстан туралы отырысын 19 желтоқсанда Исламабадта өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Пәкістан Сыртқы істер министрі осы сұхбатта Исламабадта өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің  Ауғанстан туралы отырысына тоқталып: «Бұл отырыс Ауғанстан халқына көмектесе алады»,-деді.

Тегтер