Иран Францияны осы елдегі мұсылмандарға қарсы заңдар қабылдағаны үшін сынады
https://itolqyn.com/news/world-i57592-Иран_Францияны_осы_елдегі_мұсылмандарға_қарсы_заңдар_қабылдағаны_үшін_сынады
Иран Жоғары соты басшысының халықаралық істер жөніндегі орынбасары әрі Адам құқығы штабының хатшысы Казем Ғарибабади Франция Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің елде экстремизм және сепаратизмге қарсы заңдар негізінде 21 мешіттің жабылғаны және тағы 6 мешітті жабу жоспарланып отырғанын хабарлағанына реакциясында Франция үкіметінен осы елдің мұсылмандарына қарсы заңдарды қайта қарауды сұрады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 19, 2021 22:23 Asia/Almaty
  • Иран Францияны осы елдегі мұсылмандарға қарсы заңдар қабылдағаны үшін  сынады

Иран Жоғары соты басшысының халықаралық істер жөніндегі орынбасары әрі Адам құқығы штабының хатшысы Казем Ғарибабади Франция Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің елде экстремизм және сепаратизмге қарсы заңдар негізінде 21 мешіттің жабылғаны және тағы 6 мешітті жабу жоспарланып отырғанын хабарлағанына реакциясында Франция үкіметінен осы елдің мұсылмандарына қарсы заңдарды қайта қарауды сұрады.

Иран Жоғары сотындағы Адам құқығы штабының хатшысы Твиттердегі жеке парақшасында: "Батыстың пайымдауынша, лаңкестер – Иранда адам құқығын қорғаушылар. Ал Батыс елдеріндегі діни азаттық лаңкестікпен барабар",-деп жазды.

Францияның азаматтық заңдары тұрғысынан Ислам пайғамбарының болмысына тіл тигізіп, карикатура салып, басылым беттеріне шығару бейбітшілік, әділеттік пен сөз еркіндігі деп аталады. Сол себепті бұл қоғамда мұсылман азаматтардың құқықтарына қарсы шаралар атқарылып жатыр. 1 млрд-тан аса мұсылманның сезіміне сызат түсіретін шаралардың қайталануын ақтауға талпыныс жасалады. Ал негізі барлық еуропалық елдер, соның ішінде Франция үкіметі 18 баптан тұратын Саяси және азаматтық құқық құжатында бекітілген адам құқығын сақтау міндеттемелеріне сәйкес қоғамның қауіпсіздігі, жүйе саулығы, жалпы ақлақтық саулық, басқалардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына қарсы кез келген шараның алдын алуға міндетті.

Франция үкіметінің осындай тіл тигізетін дөрекі әрекеттерге үнсіздік танытуы бір жағынан, екінші жағынан мұсылман әйелдерге хиджаб киюге тыйым салу, хиджаб киген қыздарды білім алу және жұмыс істеу құқығынан айыру сияқты шектеулер қою бұл елдің адам құқығы тақырыбында екіқырлы қатынас ұстанып, саяси мақсаттарды көздеп отырғанын көрсетеді.  

Канадада бір хиджаб киген мұғалімнің жұмыстан шығарылғаны туралы ақпараттан кейін іле-шала Францияның осындай шара қолдануы ойландырады. Канаданың ішкі ақпарат құралдары өткен аптада Квебек штатындағы мектептердің директорлар кеңесі 2019 жылы күшіне енген секуляризм заңын орындау мақсатында хиджаб кигені үшін бір мұғалімді жұмыстан шығарғанын хабарлады. Исламмен жауласуға бағытталған мұндай шаралардың тату тіршілік пен әділ қоғамдық қатынас принципіне қайшы келетіні анық. Мұсылман қоғамы мұндай істерге үнсіз қала алмайды.