Иран мен Әзірбайжанның стратегиялық картасы әзірленді
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жаңа жол картасының әзірленгенін хабарлады.
Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов журналистердің алдында: «Жаңа стратегиялық құжатқа сәйкес, жақын арада екі ел арасындағы Экономикалық комиссияның отырысы өтеді», - деді. Байрамовтың айтуынша, бұл жол картасының болуы және Иран мен Әзірбайжан арасындағы ортақ экономикалық жобаларды жүзеге асыру халықаралық және аймақтық үлкен жетістіктерге әкеледі. Әзірбайжан Сыртқы істер министрі: «Осы жол картасында Баку-Теһран ынтымақтастығының жаңа кезеңі белігіленіп, соның негізінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келешегін көрсететін екіжақты саяси консультациялар өткізу мақсатында тұрақты байланыс арнасы құрылды. Әзірбайжан және Иран президенттері Ильхам Әлиев пен Ибрахим Раисидің Ашхабадтағы кездесуі Баку-Теһран екіжақты қарым-қатынастарының болашағына және екіжақты стратегиялық жоспардың құрылуына өте оң әсер етті»,- деп мәлімдеді.