Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ өкілдерімен кездесті
(last modified Sun, 23 Jan 2022 16:04:04 GMT )
Қаң 23, 2022 22:04 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сыртқы істер министрі БҰҰ өкілдерімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі Женевадағы БҰҰ кеңсесінде осы ұйымның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссарының орынбасары және Адам құқығы кеңесінің қазіргі басшысымен кездесіп, сұхбаттасты.

Мұхтар Тілеуберді Швейцарияға сапарында БҰҰ кеңсесінде осы ұйымның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссарының орынбасары Надар Аланив және Адам құқығы кеңесінің қазіргі басшысы әрі Аргентинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Мұхаммед Федерико Вильгаспен кездесіп, Қазақстанның 2022-2024 жылдары осы кеңеске мүше болып, басқа мүшелермен ортақ  шараларды үйлестіруі туралы сөйлесті.

Қазақстан Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, қарсы тарапты Қазақстанда болған соңғы оқиғалардың себептері мен салдарлары және осы ел үкіметінің халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қалыпты өмірге қайта оралуы үшін атқарған шараларынан хабардар етті. Сонымен қатар, осы келіссөздер барысында Қазақстанның адам құқығы мен заң үстемдігі саласында халықаралық міндеттемелер мен жаһандық принциптерге берік екені баса айтылды.

 

Тегтер