Әлемнің 175 елі климаттық өзгерістерге қатысты Париж келісіміне қол қойды
(last modified Sat, 23 Apr 2016 10:30:53 GMT )
Сәу 23, 2016 16:30 Asia/Almaty
  • Әлемнің 175 елі климаттық өзгерістерге қатысты Париж келісіміне қол қойды

БҰҰ жұма күні 175 елдің климатқа қатысты Париж келісіміне қол қойғанын мәлімдеді. Франция Президенті Франсуа Олланд 175 елдің өкілдері арасында бірінші болып осы келісімге қол қойды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун да осы уақытқа дейін бірде-бір халықаралық келісімге бір күн ішінде осындай мөлшерде елдердің қол қоймағанын айтып, осы тарихи сәтті құптады.

Әлемде ауаны ластайтын ең басты екі ел – Қытай мен АҚШ та БҰҰ-ның аталмыш келісіміне қол қойды.

Осы елдердің арасында басым бөлігі кішігірім индустриялық ел болып табылатын 15 мемлекет қазірге дейін аталмыш келісімді бекітті. Әлемдегі парниктік газдың жалпы көлемінен кем дегенде 55 пайызын шығаратын 55 ел осы келісімді бекіткен жағдайда ғана ол жүзеге асырылатын болады. Бұл келісімнің мақсаты жер бетінің жылыну үдерісін баяулату болып табылады.

Әлемдік ресурстар үкіметтік емес ұйымының мәлімдеуінше, жұма күні климат өзгерістері туралы келісімге қол қойған елдер әлемдегі парниктік газдың 93 пайызын өнідіріп, жер бетінінің жылынуына жауапты болып табылады.

Мамандардың айтуынша, әлемнің жер-жерінде экологияға жағымсыз салдарын тигізіп жатқан парниктік газдар құбылысымен күресу жылдам әрі шынайы шараларды қажет етеді. Климаттың өзгеруінің жер планетасы мен оның тұрғындарына жағымсыз әсер тигізетіні дәлелденгенімен кейбір елдер, әсіресе, АҚШ сияқты дамыған индустриялық елдер мен Қытай сияқты енді ғана бой көтерген кейбір экономикалар Париж келісіміне қол қоймас бұрын парниктік газдардың таралуын азайтуға бағытталған экологиялық келісімдерді қабылдаудан бас тартып келді.

Шын мәнінде, парниктік газдар жер бетінің жылынуның басты факторы болып табылады. Климаттық өзгерістер азық-түлік өндірісіне теріс әсерін тигізіп, ашаршылықтың артуына әкеп соқтырды. Бұл мәселе БҰҰ-ның даму үстіндегі елдердің тұрғындарының жаңа климаттық жағдай мен атмосфералық өзгерістердің салдарына бейімделуі үшін инвестиция салу қажеттігін қуаттауына себеп болды.

Ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, климаттық өзгерістер жер планетасы мен оның тұрғындарына түрлі тұрғыдан әсер ете алады. Климаттық өзгерістердің апатты салдарларын назарға алсақ, индустриялық елдер мен жаңа бой көтерген экономикалар осы мәселеге қатысты жауапкершілігін қабылдап, климаттық өзгерістерді азайтудың шығынын өтейді ме, әлде бұрынғысынша бұл үдеріске немқұрайдылықпен қарап, экономикалық даму сылтауымен күллі адамзаттың мекеніне нұқсан келтіруін жалғастыра бермек пе деген сауал туындайды.

Шын мәнінде климатқа байланысты Париж келісіміне қол қойылғаннан кейінгі маңызды қадам жер бетінің жылынуына ең көп үлес қосып отырған елдердің келісімді өз парламенттерінде бекітіп, жүзеге асыруы болады. АҚШ Конргесіндегі республикашылдардың басым болуы мен Барак Обаманың президенттік кезеңінің аяқталуына аз уақыт қалуын назарға алсақ, АҚШ-та бұл келісімінің бекітілуінің алдында кедергі туындайды деп болжануда. Сонымен қатар, парниктік газдың таралуы мен жер бетінің жылынуына жауапты елдердің түрлі сылтаулармен Париж келісімінің баптарын жүзеге асырудан бас тартуы қаупі де бар.

2015 жыл тарихта ең ыстық жыл, ал өткен онжылдықтың ең ыстық онжылдық және 2015 жылдың наурыз айы тарихтағы ең ыстық наурыз айы ретінде тіркелгенін, сондай-ақ өткен қыста арктикалық мұз деңгейінің ең аз мөлшерде болғанын естен шығармауымыз керек.