Раиси Иран мен Қазақстанның дипломатиялық қатынасының 30 жылдығымен құттықтады
(last modified Sun, 30 Jan 2022 10:08:14 GMT )
Қаң 30, 2022 16:08 Asia/Almaty
  • Раиси Иран мен Қазақстанның дипломатиялық қатынасының 30 жылдығымен құттықтады

Иран Президенті Қазақстанның елбасы, Президенті мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жеке-жеке хат жолдап, Иран мен Қазақстанның дипломатиялық қатынасының 30 жылдығымен құттықтады.

Иран Телерадио бірлестігінің əлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының хабарлауынша, Ибраһим Раиси сенбі күні Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдауында: "Екі елдің қарым-қатынасы екіжақты талпыныстар мен ерік-жігердің арқасында екі халықтың əл-ауқатын арттырып, аймақ пен əлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту бағытында жалғасып жатыр",-деді.

Раиси Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдауында екі ел қарым-қатынасының ауқымды салаларды қамтитынын, сауда-экономикалық салада ынтымақтастықты дамыту туралы 114 құжатқа қол қойылғанын айтып: "Иран 30 жылдық дипломатиялық қатынаста Қазақстанды Орта Азия мен Каспий теңізі аймағындағы сенімді серіктес санайды жəне өзара қатынасты кеңейту үшін байсалды да белсенді талпыныс жасады",-деді.

Тегтер