Танымал ирандық спортшы Түркияның Fǝnǝrbağça клубына қосылды
https://itolqyn.com/news/world-i58656-Танымал_ирандық_спортшы_Түркияның_fǝnǝrbağça_клубына_қосылды
Иранның ұлттық волейбол командасының бұрынғы капитаны Саид Маруф Түркияның Fǝnǝrbağça клубына қосылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 31, 2022 21:15 Asia/Almaty
  • Танымал ирандық спортшы Түркияның Fǝnǝrbağça клубына қосылды

Иранның ұлттық волейбол командасының бұрынғы капитаны Саид Маруф Түркияның Fǝnǝrbağça клубына қосылды.

Түркияның Fǝnǝrbağça волейбол клубы мәлімдеме таратып, Иранның ұлттық волейбол командасының 36 жастағы бұрынғы ойыншысы Саид Маруфтың осы клубқа ауысқанын хабарлады.

Саид Маруф кәсіби өмірінде Иран командаларымен қоса, Ресейдің "Зенит-Қазан", Италияның "Вилас Сиена" және Қытайдың "Байк Мотор Пекин" клубтарында өнер көрсетіп, 2020-2021 жылдарында осы елдің волейбол лигасы тарапынан "жылдың ең үздік ойыншысы" атанды.

Ол Бейжің-2008, Лондон-2012 және Рио-2016 олимпиада ойындарында ең үздік пас беруші жүлдесін жеңіп алды.