Ақп 26, 2022 15:07 Asia/Almaty
  • Қырғызстан Премьер-министрі Нұр-Сұлтанға сапар шекті

Қырғызстан Премьер-министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу үшін Қазақстанға жоғары лауазымды шенеуніктерден құралған делегацияны бастап барды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі макроэкономикалық жағдай, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімнің орындалу барысы қаралады деп күтілуде. Сондай-ақ осы отырыстың күн тәртібінде 2022-2023 жылдарға арналған Одақ елдерінде азаматтық авиация саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жол картасын талқылау қарастырылды.

 

Тегтер