Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялық соғысты күшейтті
(last modified Sun, 27 Feb 2022 19:06:53 GMT )
Ақп 28, 2022 01:06 Asia/Almaty
  • Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялық соғысты күшейтті

Еуропада дағдарыс жалғасып, Украинада соғыс күшейген соң Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялық қысымдары жаңа кезеңге аяқ басты. Шын мәнінде Еуропа мен АҚШ Батыс блогындағы басқа серіктестермен бірге Ресейге қарсы санкциялық соғыс бастады.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания мен Еуроодақ Ресейдің банктерін SWIFT жүйесінен ажыратты. Еуроодақ жексенбі күні таңертең көптеген пікірталастардан кейін: "Батыс одақтастар Ресейдің кейбір банктерінің SWIFT жүйесіне қолжетімдігін тоқтатуға келісті",-деп мәлімдеді.

SWIFT жүйесі əлемдік деңгейдегі банкаралық байланыста түбегейлі рөл атқарады. SWIFT жүйесі бір ел банктерінің валюта бөлімшелері мен шетелдік банктер арасында кез келген валюталық хабарлама алу жəне жіберу үшін қолданылады.

Ресей банктерінің осы жүйеден ажыратылуы банкаралық байланыстарды бұзып,  сауда-экономикалық қарым-қатынаста ауқымды қайшылықтар тудырып, Ресей үшін энергия көздері, соның ішінде газ сатуда қиыншылыққа əкеліп соқтырады.

CNN-нің аға тілшісі Кайтлан Колинз: "Ресейді SWIFT жүйесінен ажырату осы елдің Украинаға шабуылына реакцияда ядролық шешім жолымен бірдей",-деді.

Мəскеу Батыс елдерінің бұрын-соңды болмаған санкцияларының əсерін минимумға жеткізу үшін шара қолданып жатқанына біраз жыл болды. Ресейде 640 млрд доллар валюталық қор бар. Соңғы бір жылда бұл ел долларға тəуелдігін біршама азайтты жəне сонымен бір мезгілде Қытаймен сауда-экономикалық қарым-қатынасын кеңейтті.

Ресей Еуроодаққа қарсы жазалаушы шараларын бастайтын сыңайлы. Еуроодақ газдың 40 пайызға жуығы мен мұнайдың төрттен бірін Ресейден алады. Шын мәнінде Ресей - Еуроодақты энергиямен қамтамасыз ететін ірі ел. Еуропаның энергетика нарығындағы қалыпты жағдай - осы. Оны азайтуға талпыныстар жасалғанымен қазірше осындай жағдай сақталып отыр.

Ресей - Еуропаға газ сататын ірі ел. Газ экспортынан түсетін табыс Мəскеу үшін аса маңызды. Бірақ егер мұнай мен газ сатудан түсетін валютаны ала алмаса жəне SWIFT жүйесінен ажырағаннан кейін өз қажеттіліктерін өтеу үшін банкаралық байланыс жасай алмайтын болса, ол Батыс елдеріне қысым жасау үшін қолда бар құралдарын пайдаланады деп болжауға болады.

Осылайша Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы Ресейдің Украинаға шабуылы салдарынан аса ауыр кезеңге аяқ басып, жан-жақты текетіреске ұласып бара жатыр.

Тегтер