Нау 05, 2022 20:44 Asia/Almaty
  • Ресей Украинаға ДАИШ лаңкестерінің жіберілетінін ескертті

Ресейдің сыртқы барлау қызметі жұма күні мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Украинаға жіберу үшін Сириядағы әл-Танф базасында ДАИШ лаңкестерін жаттықтыруы туралы жариялады.

Мәлімдемеде Сириядағы АҚШ-тың бақылауындағы әл-Танф базасында ДАИШ-пен байланысы бар лаңкестердің Украинаға тасымалдануы және Украинаның шығысында (Донбасста) пайдаланылуы үшін дайындалып,  жаттығуы туралы айтылды. Ресейдің барлау қызметі: «2021 жылдың соңында американдықтар Ресей мен ТМД-ға мүше елдердің ондаған ДАИШ лаңкестерін босатып, оларды АҚШ-тың бақылауындағы әл-Танф базасына жіберді, онда олар арнайы операцияларды, соның ішінде диверсиялық және лаңкестік операцияларды жүргізу жаттығу көруде»,- деп мәлімдеді. Ресейдің АҚШ-тың ДАИШ тәкфиршіл лаңкестерін дайындап Сириядан және басқа жерлерден Украинаға тасымалдауы туралы ескертуі Вашингтонның өз мақсаттарына жету  жолында лаңкестерге қолдау көрсету жөніндегі бұрынғы саясатын жалғастырып жатқанын көрсетеді. Бұған дейін АҚШ Сирияның заңды үкіметін құлату және қарсыласу қозғалысын әлсірету мақсатында 2011 жылғы тәртіпсіздіктерден кейін бұл елдегі лаңкестік топтарды қолдау және қаруландыру саясатын тікелей жүргізді. Негізінде АҚШ-тың жалпы саясаты – террористерді пайдаланып, жауларына соққы беру. Сирияның әл-Танф базасында дайындалған ДАИШ лаңкестерін Украинаның шығысындағы ресейлік күштермен және Донецк және Луганск жасақтарымен күресу үшін жіберу Еуропада бірінші рет байқалуда. Әрине, бұл мәселеде АҚШ жалғыз емес, бұған дейін тәкфиршіл лаңкестерді Ливия мен Таулы Қарабаққа жіберуде осындай тәжірибеге ие болған НАТО-ның тағы бір мүшесі Түркия енді лаңкестерді   жіберуді көздеп отыр. Осылайша, терроризм мәселесінде АҚШ пен оның одақтастары әрқашан қос стандарт ұстанған. Қай жерде лаңкестерді күшейту олардың мүдделеріне сай болса да, олар енді Еуропаның қақ ортасында, бұл жолы Ресей мен оның украиндық одақтастарына қарсы әрекет етуді көздеп отыр.

 

 

 

Тегтер