Нау 30, 2022 20:30 Asia/Almaty
  • Футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Оңтүстік Корея БАӘ командасынан жеңілді

Оңтүстік Кореяның футбол командасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде БАӘ командасынан жеңіліп, Азияның бірінші тобындағы көшбасшылықты Иран командасына берді.

2022 жылы Катарда өтетін футбол чемпионатына іріктеу ойындарының қорытынды кезеңіндегі соңғы аптасында Оңтүстік Кореяның футбол командасы БАӘ-мен ойнап, 1:0 есебімен жеңілді.

Иран футбол командасы Ливанды жеңгенін ескерсек, Оңтүстік Корея футбол командасы әлем чемпионатына жолдама алған екінші команда болып отыр.  

Осы жарыстың соңында Иран 25 ұпаймен және Оңтүстік Корея 23 ұпаймен бірден әлем чемпионатына жолдама алды.    

Тегтер