Maм 04, 2022 22:17 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресейдің Премьер-министрлері телефон арқылы сұхбаттасты

Қазақстан мен Ресейдің Премьер-министрлері аймақтық мәселелер және екіжақты ынтымақтастық туралы сұхбаттасты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әлихан Смайылов пен Михаил Мишустинның сәрсенбі күнгі сұхбатында сауда және экономика салаларындағы екіжақты қарым-қатынас туралы пікір алмасты.

Смайылов пен Мишустин Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіп, тасымал, логистика, энергетика және басқа да салалар бойына әріптестік жасау перспективасы жайлы сұхбаттасты.

Айта кету керек, Ресей мен Украина соғысы барысында Қазақстан Батыс елдерінің талаптарына мойынұсынбай, өзінің С-300 әуе қорғаныс кешендерін Украинаға беруге келіспеді. Қазақстанның бұл шешімі осы елдің батыстық серіктестерінің наразылығын тудырды.

Тегтер