Украинада соғыс басталғалы бері әлемде аштыққа ұшырағандар саны 300 млн-ға артты
(last modified Tue, 10 May 2022 20:49:33 GMT )
Maм 11, 2022 02:49 Asia/Almaty
  • Украинада соғыс басталғалы бері әлемде аштыққа ұшырағандар саны 300 млн-ға артты

Аштық – әлем үшін шынайы түйткіл. Ресей мен Украина арасында соғыс жалғасып, бұл дағдарысты күшейтіп жіберді. БҰҰ-ның есептеуі бойынша, Украинада соғыс жалғасатын болса, әлемнің түкпір-түкпірінде аштыққа ұшырағандар саны қазіргі 47 млн-нан 323 млн адамға жетеді.

Ресей мен Украина соғысы салдарынан Украинаның көптеген алқаптарында дәнді-дақыл егу кейінге қалдырылды. Сондай-ақ Украинаның бидай алқаптарының көбі соғыс алаңына айналды. Халықаралық ұйымдардың хабарлауынша, соғыс басталғанға дейін Украинада егілген бидайды жинап, экспорттау да қиын болып тұр.  

Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының болжауынша, бұл өнімнің 20 пайызы туындаған қиыншылыққа байланысты алқаптарға жетуге және өнімді өңдеуге ресурстар болмағандықтан бақылаудан шығып кетті. Осы орайда Украинада айлақтардың көбі жабылып қалды. Бұрынғы өнімді экспорттау да мүмкін болмай отыр. Тіпті БҰҰ-ға қарасты дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Украинаның оңтүстігіндегі айлақтардың қайта ашылуын талап етті. Сонда бұл елдің артық дәнді-дақылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамды тамақтандыру үшін экспортталатын болады.     

Еуропа мен АҚШ-тың саясаты және НАТО-ның шаралары, Батыс елдерінің Украинаға қару-жарақ жіберіп, соғыс отын өршітуі іс жүзінде ауқымды да ұзақ мерзімді соғыстың басталуына себеп болды. Батыс елдері Ресейге қарсы ауқымды санкциялар салу арқылы іс жүзінде әлемдегі азық-түлік пен қуат көздері нарығына әсер етіп, егін және мал шаруашылығы өнімдері бағасының өсуіне және соның салдарынан азық-түлік тапшылығы пайда болып, қымбатшылық орнауына себеп болды.

Азық-түлік бағасының өсуі Йемен сияқты кедей әрі соғыс жүріп жатқан елдерге қатты әсер етті. Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының есебі бойынша, 2020 жылдың ортасынан бастап әлемде баға шамамен 75 пайызға артты. Дүниежүзілік даму орталығының сараптамасы бойынша, Украинадағы соғыс пен Ресейге қарсы санкциялар жалғаса беретін болса, шығын артып, тағы 40 млн адамның тұрмыс жағдайы нашарлайды.