Раиси: Теһран мен Гавананың әріптестігі стратегиялық сипатта
Иран Президенті сәрсенбі күні кешке Теһранда Куба Премьер-министрінің орынбасары Рикардо Кабрисас Руиспен кездесуінде екі елдің экономикалық ынтымақтастығы комиссиясының нәтижесіне ризалық білдіріп: "Латын Америкасы аймағы, әсіресе Куба сияқты әлемдегі үстемшіл жүйенің шектен тыс талаптарына қарсы тұратын тәуелсіз елдермен қарым-қатынасты кеңейту Иран үшін зор маңызға ие",-деді.
Куба Премьер-министрінің орынбасары Рикардо Кабрисас Руис ИИР басшыларымен кездесіп, кеңесу және екі елдің экономикалық ынтымақтастығы комиссиясының 18-ші отырысын өткізу үшін жоғары мәртебелі делегацияны бастап Теһранға келді.
Кубаның осы жоғары лауазымды тұлғасының сапары екі елдің экономикалық қарым-қатынас деңгейін жоғарылату мақсатында жүзеге асырылды.
Ибрахим Раиси осы кездесуде Теһран-Гавана қатынасын стратегиялық сипатта деп бағалап: "Екі елдің әралуан әлеуетін сауда, экономика, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларында әріптестікті дамыту үшін қолдану керек",-деді.
Иран Президенті: "Иран мен Кубаның сындарлы әріптестігі екі елдің халықаралық қатынас сахнасында да жалғасын таба алады",-деді.