Маусым 02, 2022 20:27 Asia/Almaty
  • Лавров Украина соғысына үшінші тараптың араласуы жайлы ескерту жасады

Украина соғысы төртінші айға аяқ басты. Батыс елдерін бастаған АҚШ Украинаға қару-жарақпен көмектесуді үдете түсті. Сөйтіп іс жүзінде Ресеймен гибридтік соғысқа кірісті. Бұл мәселе Мәскеудің ескерту жасауына себеп болды.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-қа Украина соғысында үшінші тарапқа айналмауын ескертіп, Батыс елдері Киев тарапының қақтығыстарды күшейтуге талпынып жатқанын білуі тиіс екенін айтты.  Лавров саудиялық әріптесімен баспасөз отырысында: «Украинаның Батыс елдерінен көпқырлы зымырандық кешендер жіберу туралы сұрауы – «тікелей қимылдардың» белгісі»,-деді.  

АҚШ Украинаға 700 млн доллар тұратын әскери көмек беретінін ресми жариялаған соң Ресей Сыртқы істер министрі осындай ескерту жасады. АҚШ Президенті Джо Байден сәрсенбі күні ресми түрде осы елдің Украинаға тағы әскери көмек беретінін мәлімдеді. HIMARS зымырандық кешені жуырда Киевке берілетін болады. Ақ үйдегі бір қызметкердің айтуынша, бұл кешенның ұшу ұзақтығы – 40 миль (шамамен 65 км). Олар Украинадан зымырандық кешендерді Ресей жерін нысанаға алуға қолданбау туралы кепілдік алған деседі. Кремль Киев қатынасының тарихын ескеріп, мұндай уәдеге сенбей отыр.   

Кремльдің ақпарат хатшысы Дмитрий Песков Украина Президенті Володимир Зеленскийдің америкалық зымырандық кешендерді Ресейге қарсы қолданбайтыны туралы сөздеріне реакциясында: «Тәжірибеге сүйенетіндіктен Ресей Украинаға сенбейді. АҚШ Киевке қару-жарақ жіберу арқылы мақсатты және қасақана түрде отқа май құйып жатыр. АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ жіберуі Киевтің бейбіт келіссөздерді бастауына көмектеспейді»,-деді.

АҚШ ұзақ қашықтыққа арналған жоғары дәлдікке ие HIMARS зымырандық кешендерін жіберу арқылы Киевке Ресей күштері мен оның әскери одақтастарының Донецк пен Луганск облыстарында ілгерілеуін тоқтатуға көмектесуді қалайды.

Қазір осы екі аймақта әскери амалдар жүргізіп жатқан Мәскеу осы екі облыстың айналасын басып алуды көздеп отыр. Донецк пен Луганск бұрын екі тәуелсіз ел ретінде қабылданғандықтан Ресей мен Украина арасында буферлік аймақ пайда болады.

Сондықтан Вашингтон қазіргі жағдайда өзінің жалпы мақсаты, яғни Украинада соғысты созу үшін осы елге HIMARS зымырандық кешені сияқты қару-жарақтарды жібермекші. Бұл соғыс теңгерімінің Украина күштеріне қарай өзгеруіне себеп болады. Мұнымен қоса, олардың кесімді түрде жеңіске жетіп,  Ресей армиясының толықтай кері шегінуіне әкеліп соқтырады. Бұған қарамастан

Мәскеу Украина осы кешенді Ресей жеріне шабуыл жасауға қолданады деп алаңдайды. Оның көзқарасынша, бұл  АҚШ-тың Украина соғысына үшінші тарап ретінде тікелей араласуымен бірдей.

Тегтер