Маусым 04, 2022 21:58 Asia/Almaty
  • Иран Мұнай министрі: Своп арқылы газ тасымалдау келісіміне қол қойылғаннан кейін Әзірбайжан республикасымен әріптестік жолы жеңілдей түсті

Иран Мұнай министрі: "Своп арқылы газ тасымалдау келісіміне қол қойылғаннан кейін Әзірбайжан республикасымен түрлі салаларда, соның ішінде сауда, тасымал және электр қуаты салаларында әріптестік жолы жеңілдей түсті",-деді.

28 қарашада Түрікменстанның астанасы Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұймына мүше елдер басшыларының саммитінде үш ел президенттерінің қатысуымен   Түрікменстаннан Әзірбайжан республикасына Иран жері арқылы своп тәсілімен газ тасымалдау туралы үшжақты келісімшартқа қол қойылды.  

Осы келісімшарт бойынша Иран жылына Түрікменстанның 1,5-2 млрд текше метр газын Әзірбайжан республикасына жеткізеді. Бұл газ Иран арқылы Әзірбайжан республикасына транзиттеледі. Иран өзінің 5 облысына қажет газды Түрікменстан газын тасымалдау құны ретінде алатын болады.

Тегтер