Ресей Киевке қайта шабуыл жасады
(last modified Mon, 06 Jun 2022 11:10:44 GMT )
Маусым 06, 2022 17:10 Asia/Almaty
  • Ресей Киевке қайта шабуыл жасады

Ресей бір айдан кейін тағы да Киевке зымырандық шабуыл жасап, Батысқа ескерту ретінде: «Украинаға ұзақ қашықтыққа арналған зымырандар жіберілген жағдайда бұл елдің басқа аудандары да нысанаға алынатын болады»,-деп мәлімдеді.

Ресей армиясының кеше Киевке шабуылы сәуір айының аяғынан бері Украина астанасына жасалған алғашқы ірі шабуыл саналады.

Ресей қазір Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі алғы шепті нысанаға алып, басқа аудандарға да шабуыл жасап жатыр. Бұл шабуылдар Украинаның әскери инфрақұрылымдарын бұзып, Батыстан қару-жарақтардың жіберілуіне тосқауыл қою мақсатын көздеп отыр.

Вашингтон өткен аптада: «Орта қашықтыққа арналған жаңа зымырандар кешенін Украинаға жібереміз»,-деп мәлімдеді.

Ресей Президенті Владимир Путин: «Егер Вашингтон Украинаға ұзағырақ қашықтыққа арналған зымырандар жіберетін болса, біз бұрын нысанаға алынбаған жерлерге шабуыл жасаймыз»,-деп ескертті.

Тегтер