Маусым 10, 2022 17:29 Asia/Almaty
  • Порту командасының ирандық жұлдызы Мбаппе мен Винисиустан жоғары тұр

Португалияның Порту командасының ирандық жұлдызы әлемдегі футбол жұлдыздарынан жоғары тұр.

Ирандық футболшы Мехди Торами Порту командасының құрамында маусымды өте сәтті өткізіп, Португалия премьер-лигасы мен іріктеу ойындарының жеңімпазы атанды.

Ирандық шабуылдаушы осы маусымда 23 гол соғып, екінші үздік гол соғушы атанды. Ирандық жұлдыз тек  Порту командасына гол соғып қана көмектескен жоқ, голға әкелген пастар беруде де әсерлі рөл ойнады.

Ұлыбританияның Matchday 365 сайты өткен маусымда Еуропаның беделді 7 лигасында 4-тен аса пенальти соққан 6 үздік ойыншыны таныстырды.  

Португалия премьер-лигасында 5 пенальти соққан Мехди Торами Франция футболшысы Мбаппе мен Бразилияның жұлдызы Винисиустан жоғары тұр.

Торами сондай-ақ гол соғу және пас беру санында Португалия премьер-лигасының ең әсерлі ойыншысы атанды. Ирандық жұлдыз Порту командасының осы маусымдағы ең үздік ойыншысы атанды.

Тегтер