Там 04, 2022 20:09 Asia/Almaty

Тайван аралына жақын маңда Қытайдың әскери жаттығуы басталды.

CCTV телеарнасының хабарлауынша, 4-7 тамыз аралығында Қытайдың азат етуші армиясы Тайван аралының айналасындағы 6 негізгі аймақта әскери құралдармен маңызды әскери жаттығу өткізеді. Бұл аралықта ешбір кеме мен ұшақ тиісті теңіз аймағы мен әуе кеңістігіне кірмеуі керек.

The Guardian газетінің хабарлауынша, Қытай жариялаған алты аймақ Тайванды қоршап тұр. Тайван Қорғаныс министрлігінің айтуынша, іс жүзінде осы аймақтың негізгі айлақтары жабылды.

Кеше түнде Тайван Қорғаныс министрлігі: "Қытайдың оңтүстік-шығыс жағалауында Тайван көгінде белгісіз ұшақтар ұшып жүрді. Олар ұшқышсыз ұшақтар болуы ықтимал",-деп мәлімдеген болатын.

Тегтер