Там 09, 2022 14:35 Asia/Almaty
  • Иранның 4 әскери командасы халықаралық әскери жарысқа қатысу үшін Мәскеуге барды

Иранның теңіз күштері, ауыр артиллерия, тәртіп күштері мен мәдени бөлімнен тұратын 4 әскери командасы «Ресей-2022» атты халықаралық әскери жарысқа қатысу үшін Мәскеуге барды.

ИИР аталмыш жарыста 14 салада бақ сынасады.

Әлемнің 37 елі 15-26 тамыз аралығында «Ресей-2022» атты халықаралық әскери жарыста 34 сала бойынша сайысқа түседі.

Иран, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Армения, Венесуэла, Алжир, Моңғолия және Вьетнам елдері осы жарысқа қатысады.

 

 

Тегтер