Там 11, 2022 15:35 Asia/Almaty
  • Ирандық ойыншы Португалияда футболдан аптаның үздік тұлғасы атанды

Порту командасының ирандық ойыншысы Мехди Торами Португалия футбол лигасының алғашқы аптасында жарқырай көрініп, осы лиганың үздік тұлғасы атанды.

Португалияда Футбол-2022-2023 премьер-лигасы басталды. Порту командасы Мехди Торамидың арқасында Маритиму командасынан басым түсті. Торами бұл ойында екі гол салды.

Portugoal сайты Мехди Торамиды аптаның үздік тұлғасы деп атап, ирандық жұлдызды мадақтады.

Торами Португалия супер кубогындағы ойында да Тондела командасына екі гол соққан болатын. Сөйтіп, соңғы екі ойында өз атына 4 гол тіркеді.

Тегтер