Ресей Еуроодаққа Украинаға әскери көмек көрсетуінің салдары туралы ескертті
Қыр 06, 2022 16:24 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Одаққа осы одаққа мүше елдердің Украинаға әскери көмегінің жалғасуының салдары туралы ескертті.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұған дейін Еуроодақ елдерінің АҚШ-тың Ресейге қарсы ұстанымдарымен Украина дағдарысына қатысты ынтымақтастығын сынға алған болатын. Бүгін, сейсенбі күні де: «Еуропа Киевке әскери көмек көрсетудің салдары туралы ойламайды және қақтығысты ұзартуға тырысуда. Еуропалық Одақтың Украинадағы әрекеттеріне байланысты бүкіл Еуропа құрлығының қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр»,- деп ескертті.
Тегтер