Қыр 10, 2022 01:23 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ пен Ұлыбританияның Теһранға қарсы жасалған кибер шабуылдарға қатысты үнсіз қалғанын сынады

Иранның БҰҰ-дағы өкілі АҚШ пен Ұлыбританияның айыптауларын теріске шығарып, осы екі елдің Теһранға қарсы жасалған кибер шабуылға қатысты үнсіз қалғанын сынады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның БҰҰ-дағы өкілі бейсенбі күні АҚШ пен Ұлыбританияның Теһранды Албанияға жасалған кибер шабуылға қатысы бар деп айыптағанын қабылдамай, осы екі елдің ИИР-ға қарсы мұндай айыптар тағу үшін ешқандай заңды өкілеттікке ие емес екенін айтты.  

Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Иранның инфрақұрылымдары мен ядролық нысандарына қарсы жасалған көптеген кибер шабуылдарға қатысты үнсіз қалған және тіпті тікелей және жанама түрде осы әрекеттерді қолдаған АҚШ пен Ұлыбритания ИИР-ға қарсы мұндай айыптар тағу үшін ешқандай заңды өкілеттікке ие емес»,-деді. 

Тегтер