Қыр 15, 2022 17:20 Asia/Almaty
  • Зеленский жол апатынан аман қалды

Жергілікті ақпарат құралдары бейсенбі күні таңертең Украина Президенті Володимир Зеленскийдің жол апатына ұшырағанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Украина Президентінің ақпарат өкілі Сергей Никифоров: "Киевте Зеленский жол апатына ұшырады",-деп хабарлады.

Никифоровтың айтуынша, жол апаты ауыр болғанына қарамастан, Украина Президентіне зақым келген жоқ.  

Никифоров: "Зеленскийдің кортежімен соқтығысқан көліктің жүргізушісі жарақатының ауырлығына байланысты ауруханаға жеткізілді",-деді.

Тегтер