Қаз 06, 2022 17:38 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің барлау ұйымдарының әскери жаттығуы басталды

Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің барлау ұйымдарының «Іздеу-2022» бірлескен әскери жаттығуы басталды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бейсенбі күні: «Қазақстанның Жамбыл облысындағы Мәтібұлақ және Гвардейский оқу-жаттығу полигондарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің барлау ұйымдарының бірлескен әскери жаттығуы басталды»,-деп хабарлады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі осы арнайы жаттығудың мақсатын басқару органдарының әрекеттестігін жақсарту, әскери алаңдағы жаттығу деңгейін жоғарылатуды бақылау, барлау бөлімшелерінің іс-қимыл үйлесімдігін ұйымдастыру деп жариялады. 

Тегтер