Қар 02, 2022 21:01 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Иранның Ауыл шаруашылығы министрі пен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Сауда министрі екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы, сауда, өнеркәсіп, логистика және көлік және технология алмасу салаларындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ауыл шаруашылығы министрі Джавад Садатинежад пен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Сауда министрі Серік Жұманғарин қол қойған Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық меморандумында екі ел ауылшаруашылық өнімдерінің бірлескен сауда компаниясын құру және бірлескен ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру туралы келісімге келді.

Екі жақтың азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударуын ескере отырып,  бұл меморандумда Иран тарапынан сүт өнімдері, жемістер (алма, цитрустық жемістер), кептірілген жемістер мен көкөністер және Қазақстан тарапынан бидай, арпа, майлы дақылдар сияқты азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту  қуатталды.

 

Тегтер