Қар 23, 2022 20:23 Asia/Almaty
  • Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиті тағы бір сынақ

Бүгін, 23 қараша Армения астанасы Ереван қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті осы ұйымға мүше алты елдің басшыларының қатысуымен басталды.

 

Ереван саммитінің күн тәртібінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Арменияға ортақ көмегі және ұйымның келесі жылғы бюджетін анықтау мәселесі тұр. Ереван саммитінде бұл ұйым басшылары ҰҚШҰ-ның келесі жылғы бюджетін талқыламақ. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жалпы бюджетінің 70 пайызын Ресей бөлді. Ереван отырысының соңында ҰҚШҰ-на ауыспалы төрағалық Армениядан Беларуське ауысады деп күтілуде. Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының биылғы отырысының өңірлік деңгейде маңызы зор. Әсіресе, бұл ұйымның басшылары Таулы Қарабақ мәселесіне қатысты маңызды шешімдер қабылдауы тиіс. Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ аймағының меншігіне қатысты дауға қатысты маңызды шешім қабылданса, «Еревандағы кездесудің маңыздылығы екі жақты болады» деп айтуға болар. Армения билігі Еревандағы екі күндік кездесуден Әзербайжанның  Арменияға соңғы екі жылдағы агрессиясына қатысты ҰҚШҰ құрылымына күтілетін саяси бағаны ақырында алатынын анық күтеді. Армения – ҰҚШҰ-ның белсенді мүшелерінің бірі.

Ереван үкіметінің басшылары Ресей әскери күштерін осы елдің аумағында орналастыру туралы келісімге қол қою арқылы Арменияның шекарасын қорғауды Ресейге тапсырды. Армения үкіметі Ресеймен ынтымақтасуда және осы елдің бірлескен жобаларына қатысуда белсенділік танытқанымен, өткен екі жылда Ресей Армения билігіне Әзірбайжаннің армян жерлерінің бір бөлігін басып алуына қатысты оң және сындарды жауап бере алмады. Осы себепті соңғы екі жылда Армения билігі Ресейді үнемі сынап келді. 2020 жылдың қарашасында Таулы Қарабақ бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін Әзірбайжан мен Түркия билігі Арменияның оңтүстігінен дәліз алу мәселесін үздіксіз көтерді. Бірақ бұл әрекетке Ресей басшылары салыстырмалы үнсіздік білдірді. Еревандық шенеуніктер Мәскеудің үнсіздігін басқаша сараптады.