Қар 25, 2022 19:13 Asia/Almaty
  • Испаниялық басылым Бразилия мен Сербия арасындағы қиын ойында Фағанидің төрешілігін жоғары бағалады

Испанияның A. S басылымы Бразилия-Сербия матчындағы ирандық төрешінің төрелігін жоғары бағалады

 

Алиреза Фағани, Мұхаммадреза Мансури және Мұхаммадреза Абуәлфадлиден құралған Бразилия-Сербия матчындағы ирандық төрешілер командасы әлем чемпионатындағы алғашқы қадамында сәтті төрешілік көрсетті. Бұл кездесуде Тите шәкірттері екі голмен серб тосқауылынан өтті және біз Фағани мен оның көмекшілерінің шешіміне күмән келтіретін әсерлі төрешілік сахнасына куә болған жоқ.

Twitter аккаунтында A. S басылымы Бразилия мен Сербия арасындағы матчтың соңында  Испания өзінің төреші сарапшысы Ито Эдоның Фағани мен оның командасының ойынына қатысты пікірлерінің видеосын жариялады. Бұл сарапшы Фағанидің төрешілігін  мақтап, Бразилия-Сербия ойынын оның төрешілері жақсы орындаған қиын ойын деп есептеді.