Жел 04, 2022 22:26 Asia/Almaty
  • Украина соғысы Еуропаға көп зиян келтірді

Украинада соғыс болып жатқанына шамамен 10 ай болды. Соғыс салдары байқала бастаған соң Еуропа кеңесінің төрағасы: "Бұл соғыста Еуропа елдері АҚШ-қа қарағанда көбірек зиян көрді",-деп мойындады.

Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Украинадағы соғыстың Еуропа пен АҚШ-қа түрлі қалыпта әсер еткенін және Еуропа көбірек зиян көргенін мойындаса да: "Батыс елдері Украинаға қару-жарақ жөнелтуді жалғастыра береді",-деді.

АҚШ саясатына жақтасып, соғыста Украинаны қолдап, Ресейге қарсы түрлі жазалау саясаты, соның ішінде ауыр санкция салған Еуропа елдері қазіргі таңда соғыс өрши түскеннен кейін шынайы саяси-экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарға ұшырап отыр.

Еуропалықтар украин босқындар толқынымен бетпе-бет келді. Қазіргі қиыншылықтарды ескерсек, босқындарды орналастырып, керек заттарымен қамтамасыз ету қиын. Ал бұл жағдайда Еуропа елдерінің өздері Ресейдің мұнайы мен газына тәуелді болғандықтан қазір қуат көздері және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шеше алмай жатыр.  Бұл мәселе осы елдердегі көптеген азаматтардың экономикалық жағдайының төмендеуіне себеп болды. Тіпті олар алдағы суық күндерге алаңдап отыр. Бұл Еуропада әлеуметтік наразылықтардың күшеюіне әкеліп соқтырды. Украинада соғыстың жалғасуы Еуроодақ пен оның позициясының әлсіреуіне себеп болды. Еуроодаққа мүше түрлі елдерде оңшыл ағымдар күшейіп барады. Тіпті кейбір елдер Еуроодақтан бөлініп шығып, тәуелсіз әрекет ету туралы сөйлей бастады. Кейбір мүше елдер Еуропаның Украина соғысына араласуына қарсы және мұны еуропалық арман-мақсаттар мен қажеттіліктерге қайшы санайды.

Францияның "Патриоттар" партиясының басшысы Флориан Филиппо Еуроодақтан шығуды талап етіп: "Еуроодақ пен оның комиссиясының басшысы тоталитарлық саясат ұстанып отыр. Сондықтан Франция одақтан шығуы керек",-дейді.

Басқа жағынан Вашингтоннан көмек күткен Еуропа елдері АҚШ-тың немқұрайлығына тап болды. Олардың қаржы және басқа да көмек алу туралы өтініштері АҚШ тарапынан жауапсыз қалды. Тіпті АҚШ оларға отынмен қамтамасыз етуде көмектеспеді. Газды қымбат бағаға сатып тек өз пайдасын ойлады.  Бұл қатынас кейбір еуропалық басшылар, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макронның наразылығын тудырды. Ол осы туралы: "АҚШ Еуропаға газды ел ішіндегі бағадан 3-4 есе қымбат сатып отыр",-деді.   

Әрине Еуропа елдерінде өз қажеттіліктерінің бір бөлігін АҚШ-тан сатып алғаннан басқа шара жоқ. Мұны қазір Еуропа кеңесінің төрағасы айтып отыр.

Еуродақ басшылары соғыста Украинаға көмектесуді жалғастырып жатса да, іс жүзінде бұл соғыс халықаралық сахнада олардың экономикасын әлсіретіп, саяси қуатын төмендетті. Біртұтас еуропалық армия мен мықты Еуропа құру идеясы әлсіреп қана қойған жоқ, тіпті Еуропа халықаралық сахнада өзінің кейбір саяси ұстанымдарын қайта қарастыруға мәжбүр болған сыңайлы. 

Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельдің Қытайға іссапармен баруы және бұл елден Украинада соғысты тоқтатуға көмектесуді сұрауы әлемнің басқа бір шетіндегі мемлекетке еуропалықтардың әлсіз екенін мойындау болып табылады.

Тегтер