Қаң 31, 2023 19:00 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті: Ислам революциясы барлық фитналар мен  қастандықтарға қарамастан әлемде көбірек көрініс тапты

ИИР Президенті: «Имам Хомейни (р.а.) басшылығындағы Иран Ислам революциясы дұшпанның барлық фитналары мен қастандықтарына қарамастан аман қалды және әлемде көбірек көрініс тапты»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ибрахим Раиси Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының армандарына адалдығын қайта растау рәсімінде: «Имам Хомейнидің шынайылығы мен адалдығымен халықтың Ислам революциясына деген адалдығы мен махаббаты кеңейді. Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен 44 жылдан кейін дұшпанның барлық фитналары мен қастандықтарына қарамастан, бұл революция әлемде көбірек көрініс тапты»,- деп баса айтты.

ИИР Президенті соңғы қырық жылда революция мен имам Хомейнидің (р.а.) асыл мұрасын жою үшін көптеген фитналардың болғанына тоқталып: «Имам халыққа сенім артты және бүгінде халықтың ерік-жігері мен олардың қалаулары сақталуы керек»,- деді.  Раиси халықтың Ислам революциясына деген адалдығы мен жақындығына назар аударып: «Халықтың бұл сүйіспеншілігінің белгісі - революцияны сақтау және қорғау үшін жанын қиған шәһидтер»,- деп мәлімдеді. ИИР Президенті Жастарды қорғаудың жолы Ислам республикасының негізін қалаушы тұлғасы мен Ислам революциясының өлшемдерін тану екенін баса айтты: «Мәдениет белсенділері мен жазушылар бүгінде имам Хомейни (р.а.) мен соғысты көрмеген қоғам мен жастарды қорғаудың бір жолы Иран Ислам революциясының идеалдарын бүгінгі қоғам үшін көркем түрде жеткізу екенін білуі керек»,- деді.

Тегтер