Ақп 04, 2023 11:52 Asia/Almaty
  • Ильхан Омар  Америка өкілдері комитетінен шығарылды

АҚШ Демократиялық партиясының мүшесі, мұсылман әйел Ильхан Омар сионистік режимді сынағаны үшін АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының халықаралық қатынастар комитетінен босатылды.

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Илхан Омар Израильдің саясатын сынап, осы режимнің қылмыстарын айыптаған сөздері үшін ұзақ уақыт бойы қысымға ұшырады. Өкілдер палатасының Сыртқы байланыстар комитетінің мүшесі болған ол әрқашан сионистік режимнің саясаттарына қарсы ерекше ұстанымда болды.

Ол бірнеше рет Тель-Авивтің палестиналықтарға қарсы әрекеттерін, әсіресе сионистік режимнің қылмыстық шабуылдарын сынап, Вашингтоннан Израильге қаржылық және әскери көмек көрсету мәселесін қайта қарауды сұрады.

  2023 жылы 2 ақпанда Өкілдер палатасының залында даулы пікірталаспен және  айқай-шумен  қатар өткен дауыс беруде Өкілдер палатасының сыртқы байланыстар комитетінен   босатылды. Сондықтан ол және АҚШ Өкілдер палатасының тағы бір мұсылман мүшесі Рашида Тлаиб Израильге қарсы ұстанымдары мен АҚШ-тың Израильге қолдау көрсету саясатына қарсылығының салдарынан ұзақ уақыт бойы қысымға ұшырады. Осыған байланысты Ильхан Омар біраз бұрын Израиль үкіметінің Палестина жерлерінің басып алынуын сынағандармен шеттету саясатымен әрекет ететінін мәлімдеді. Ильхан Омар мен Рашида Талибтің ұстанымдары әрқашан Америка Құрама Штаттарының саясаттарына  қарсы болды және сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарын айыптады. Америка Құрама Штаттарының Өкілдер палатасының бұл екі өкілі АҚШ-тың сионистік режимнің қылмыстарына қолдау көрсетуін әрдайым қолдамады. Бұл екі өкілдің ұстанымы Израильдің саясаттарына қарсы, олар  мұсылман болғандықтан қысымға ұшырауда.   Америка парламентінің көптеген мүшелері исламофобиялық саясатты мақұлдауда бұл екеуінің қатысуын мойындамайды.

Израиль әлі де АҚШ-тағы ықпалын сақтап қалуға тырысып жатқан сияқты, сондықтан Израильге қарсы саясат американдық үкіметтердің қызыл қаупіне айналды. Дегенмен,  Илхан Омардың  шығарылуына және исламофобияны таратуға және Америкадағы израильдік лоббилердің ықпалына қарамастан, бұл елдің қоғамы арасында Израильге қарсы саясаттар артып келеді.