БҰҰ Адам құқығы кеңесі АҚШ санкцияларының Иранға әсерін сынады
БҰҰ Адам құқығы кеңесі өз мәлімдемесінде: "АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары және оның үшінші елдерге қарсы қолданылуы халықаралық заңдарға қайшы келеді",-деп хабарлады.
БҰҰ Адам құқығы кеңесі талассемия ауруына шалдыққан ирандықтар туралы ақпаратқа тоқталып, Вашингтонның Теһранға қарсы санкцияларын халықаралық заңдарға қайшы деп жариялады.
БҰҰ-ның екі баяндамашысы Елена Дохан мен Обиора Окафор 2015 жылы АҚШ ядролық келісімнен біржақты негізде шығып кеткеннен кейін Вашингтонның Теһранға қарсы санкцияларының талассемия ауруына шалдыққан ирандықтарға әсерін зерттеді.
Елена Дохан мен Обиора Окафордың айтуынша, Вашингтон Иранға дәрі сататын компанияларға ауыр айыппұл салуымен қоса, бұл елдің санкциялық ережелерінде медициналық тауарлар үшін гуманитарлық жеңілдіктер беру өте күрделі әрі бұлыңғыр жазылған. Тіпті дәрі беруге рұқсат етілсе де, өндірушілер мен жіберушілер, сақтандырушылар немесе банктер АҚШ-тың жауластық санкциялары мен жазаларынан қорыққаннан Иранмен сауда жасаудан бас тартады. Бұл талассемия ауруына шалдыққан ирандықтардың азап шегіп, тез көз жұмуына әкеліп соқтыруда.
Иран АҚШ-тың біржақты санкциялары астында өмір сүріп келе жатқанына 40 жылдан асты. Иранға қарсы санкция салу АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамптың кезінде бұл ел "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін барынша қысым қалыбында бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Олар Иранды өздерінің қисынсыз әрі заңсыз талап-тілектеріне көндіру үшін ең ауыр санкциялар салды. Бірақ әрине сәтсіздікке ұшырап, жеңіліс тапты. Алайда Байден үкіметі де жеңіліс тапқан саясатты жалғастырып отыр. Ол АҚШ-та билік басына келгеннен бері барынша қысым саясатын күшейтіп, түрлі сылтаулармен арагідік Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялап келеді.
Мұнымен қоса, АҚШ ешқашан халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларды жою туралы өтінішіне құлақ аспады. АҚШ-тың Иранға қарсы антигуманистік санкцияларының басты құрбандары талассемия мен көбелек ауруларына шалдыққандар болып отыр. Бұл Вашингтонның Иран халқына қаншалықты өшіккенін көрсетеді.