БҰҰ: Түркия өз тарихында ең ірі табиғи апатпен бетпе-бет келді
Ақп 24, 2023 22:47 Asia/Almaty
БҰҰ сарапшылары: "Түркия өз тарихында ең ірі табиғи апатпен бетпе-бет келді. Кемінде 500 мың үй қайта салынуы керек",-деді.
Түркияның төтенше жағдайлар басқармасының директоры Орхан Татар бейсенбі күні елдің оңтүстігінде 7,8 балдық жер сілкінісі болғаннан осы сәтке дейін 8550 афтершок болғанын айтып: "Біздің болжамымыз бойынша, алдағы күндері аймақта 5 балдық афтершоктар болады. Жұма күні таңертең Хатай облысында тағы жер сілкінді",-деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің "Хабар-7" түрік сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, соңғы күндері Түркияда болған бірнеше жер сілкінісі салдарынан елдің оңтүстігінде 1,5 млн адам баспанасыз қалды.
Тегтер