Нау 02, 2023 15:14 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран әлем елдерімен байланысты нығайтуды қалайды

Иран Президенті Бельгия Премьер-министрімен телефон арқылы сұхбатында: "ИИР әлем елдерімен, соның ішінде Еуропамен жақсы да конструктивті қатынасты сақтап, нығайтуды қалайды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Бельгия Премьер-министрі Александр Де Кромен телефон арқылы сұхбаттасып: "Егер бір мемлекет жалдамалы немесе лаңкестік топтардың теріс әрі адастыратын мағлұматтарына сеніп, Иранмен қарсыласу жолын таңдаса, зиян шегеді",-деді.

Ибрахим Раиси: "Еуропа елдерінің территориясы Иран халқының мүдделеріне қарсы қастандықтар мен қоқан-лоқылардың бастауы болмауы тиіс",-деді.  

Бельгия Премьер-министрі Теһран мен Брюссельдің арасындағы 130 жылдық дипломатиялық қатынас аясында екі елдің ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығына тоқталып: "Бельгия әрдайым Иранмен қарым-қатынасын нығайту үшін диалог жолын ұстанып келеді. Кез келген мәселенің өзара түсіністік және әріптестік арқылы шешілуін қалайды",-деді.

Тегтер