Нау 29, 2023 18:08 Asia/Almaty
  • Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрінің Иранға сапарына шолу

Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі Теһранға сапарында Иран Сыртқы істер министрі және Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысымен жеке-жеке кездесіп, екіжақты қарым-қатынас және аймақтағы өзгерістер жайлы кеңесті.

Катардың лауазымды тұлғасының Теһранға сапары Иран көршілес және аймақ елдерімен үздіксіз байланыста болып, қазір дипломатиялық қатынасты қайта бастау үшін Теһран-Эр-Рияд келісімі сияқты жетістіктерге жеткен жағдайда жүзеге асырылып отыр. Араб және ислам елдерінің көбі, соның ішінде  Катар осы келісімді қолдап, оны аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға әсерлі қадам деп бағалады.

Катар Иранның сыртқы саясатында басымдыққа ие елдердің бірі саналады. Иран мен Катар екі ислам мемлекеті ретінде маңызды аймақ Парсы шығанағында орналасқан. Аймақтағы маңызды мәселелерге қатысты олардың ұстанымдары өте жақын.

Кейінгі жылдары Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн мен Мысыр тарапынан Катарға қарсы санкциялар жарияланған соң Иранның Катар үкіметі мен халқына осы санкцияларды жеңуге көмектесуге оң жауап бергенінен кейін екі елдің саяси қарым-қатынас деңгейі жоғарылады. Бірақ жақсы саяси байланыс, мәдени ортақтықтар мен экономикалық әлеуеттердің барына қарамастан, екі елдің сауда айналымының көлемі осы әлеуеттерге сәйкес келмейді.

Иран мен Катардың сауда айналымы – 200-250 млн доллар. Екі елдің әлеуеттерін ескерсек, бұл өте төмен сома. Күтілетін деңгейден өте алшақ. Шын мәнінде Иран мен Катардың сауда қатынасын дамыту жолында шынайы қиындықтар бар. Бұған қатысты тікелей ақша жіберу қиындығы, Катарда басқе елдермен салыстырғанда теңіз тасымалы құнының қымбат болуы және ирандық кәсіпкерлерге тұрақты тұруға рұқсат алу қиындығын атауға болады. Сол себепті екі елдің сауда үдерісі тиісті деңгейге жетпеді.

Ал бұл жағдайда көршілес, аймақ және азиялық елдермен экономикалық әріптестікті тереңдету және кеңейту – ИИР-дың экономикалық дипломатиясының басымдықтарының бірі. Иранның он үшінші үкіметі де көршілес елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту керегін баса айтып отыр.

Иран мен Катар басшылары екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты дамытуды қалайтыны анық. Катардың Сыртқы істер жөніндегі кеңесші-министрі де Иранмен ынтымақтастықты дамытуды өз елінің сыртқы саясатының басты бағыты деп атады.

Тегтер