Палестинадағы жағдайды қарау үшін сенбі күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысы өтеді
(last modified Fri, 07 Apr 2023 11:50:21 GMT )
Сәу 07, 2023 17:50 Asia/Almaty
  • Палестинадағы жағдайды қарау үшін сенбі күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысы өтеді

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы осы ұйымға мүше елдердің Израиль басқыншылығының әл-Ақса мешітіне қарсы агрессиясына қатысты сенбі күні шұғыл жиналыс өткізетінін хабарлады.

Иранның баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иордания мен Палестина әкімшілігінің шақыруымен өтетін бұл отырыста сионистік режим әскери күштерінің соңғы күндері әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылдары мен бұзушылықтарын және намаз оқушы және ораза тұтушы адамдарды шығаруы талқыланады.