Сәу 20, 2023 20:09 Asia/Almaty
  • Қытайдың үшінші контейнерлі кемесі Чабаһарға келді

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белуджистан облысының айлақтар және кеме қатынасы басқармасының бас директоры Қытай айлақтарының тікелей кеме қатынасы желісіне тиесілі үшінші контейнерлі кеме биыл (наурыз айында) Чабаһар айлағына тоқтап, жүк түсіргенін айтты.

Қасым Аскари Насаб: "Биыл Чабаһардың шәһид Беһешти және шәһид Калантари атындағы айлақтары 5 контейнерлік кемені қабылдап алды. Жалпы 6350 TEU контейнер түсірілді",-деді.

Қасым Аскари Насаб: "Қытай айлақтары мен Чабаһардың шәһид Беһешти айлағы арасында жүйелі түрде тікелей кеме қатынасы орнатылғаннан кейін жаңа жылда осы айлақта үш контейнерлі кемеден жүк түсірілді",-деді.

Систан мен Белуджистан облысының айлақтар және кеме қатынасы басқармасының бас директоры Қытай айлақтары мен Чабаһардың шәһид Беһешти айлағы арасында жүйелі түрде тікелей кеме қатынасы орнатылғаннан кейін тауарлар арзанырақ әрі азырақ уақытта кәсіпкерлер мен тауар иелеріне жеткізілетінін айтып: "Биыл 3340 TEU контейнер Қытайдан тікелей әкелініп, шәһид Беһешти айлағына түсірілді. Бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 100 пайызға өсті",-деді.

Тегтер