Сәу 21, 2023 19:40 Asia/Almaty
  • НАТО: Осы уақытқа дейін Украинаға 165 млрд доллар көлемінде әскери көмек берді

НАТО Украинада соғыс басталғалы бері Киев үкіметіне 165 млрд доллардан аса әскери көмек берді.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг бейсенбі күні Украина Президенті Володимир Зеленскиймен сұхбаттасу үшін алдын ала жоспарсыз Киевке барды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, НАТО-ның мәлімдемесінде: "2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға соғыс бастағаннан бері НАТО одақтастары Украинаға 150 млрд еуродан аса (165 млрд доллар) әскери көмек берді",-делінген.

Йенс Столтенберг осы кездесуде: "НАТО елдері ондаған мың украин сарбазын дайындады. Осы елге джеттер, танктер мен сауытты көліктер берді. Сөйтіп Украинаны шабуылға төтеп беруге дайындады",-деді.

НАТО-ның бас хатшысы болашақта Украинаның осы ұйымға қосылуы туралы: "Бұл оқиға уақыт өте келе орындалуы мүмкін",-деді.

Тегтер