Maм 28, 2023 18:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Оман арасындағы сауда айналымы 1,8 млрд доллардан асты

Иранның кеден басқармасы: "Иран мен Оман арасындағы сауда айналымы 1,8 млрд доллардан асты",-деп хабарлады.

Оман сұлтаны Хисам бен Тарак әл-Саид Иран Президенті Ибрахим Раисидің ресми шақыруымен жоғары лауазымды делегацияны бастап бүгін, жексенбі Теһранға келді.

Оман сұлтаны осы елдің бірқатар министрі мен жоғары лауазымды тұлғаларын бастап Иранға екікүндік сапармен келді.

Иранның кеден басқармасы: "Иран мен Оман арасындағы сауда айналымы 2022 жылы 1 млрд 800 млн долларға жетті. Соның ішінде Иран тауарларын Оманға экспорттау көлемі 1 млрд доллардан асты",-деді.

Өткен жылы Ираннан Оманға экспортталған ең маңызды тауарлардың қатарына мұнай битумы, легірілмеген шойын мен болат құймалары және  легірілмеген шойын мен болаттан  жасалған жартылай дайын өнімдер жатады.

Өткен жылы Оманнан Иранға үш тауар – тығыздалмаған көмір, трансгенді соя бұршақтары мен пальма майы импортталды.

Тегтер