Қытайдың қырғи ұшақтары Тайвань бұғазынан өтті
Қытай мен Тайвань арасында текетірес күшейгеннен кейін Тайвань аралының Қорғаныс министрлігі: "Бүгін Қытайдың 10 қырғи ұшағы Тайвань бұғазының орта сызығынан өтті",-деді.
Тайвань аралының Қорғаныс министрлігі: "Қытай әуе күштерінің 10 қырғи ұшағы бүгін, жексенбі Тайвань бұғазының орта сызығынан ұшып өтті. Бұл кезде Қытайдың 4 кемесі ортақ жауынгерлік дайындық ретінде осы бұғазда патрульдеп жүрді",-деді.
Соңғы күндері Тайвань аралының Қорғаныс министрлігі күн сайын Қытай қырғи ұшақтары мен әскери кемелерінің аралдың айналасын патрульдеп жүргенін хабарлады.
Тайвань Қытайдың бір бөлігі саналады. Бірақ ол Қытайдан бөлінгісі келеді. Әлем елдері мен БҰҰ Тайванның тәуелсіздігін ресми түрде таныған жоқ.