Маусым 13, 2023 19:47 Asia/Almaty
  • Қытай Тайвань маңында әскери жаттығу өткізді

Бейжің мен Батыс арасындағы Тайвань мәселесіне байланысты шиеленістен кейін Қытай Тайваньның солтүстігінде Оңтүстік Қытай теңізінде әскери жаттығу өткізді.

АҚШ пен оның одақтастарының Батыс Тынық мұхитындағы жуырдағы жаттығулары көпшіліктің назар аудартқан жаңалық болған жағдайда, Бейжің Вашингтон мен оның одақтастарына Тайвань аралының маңында жаттығу өткізу арқылы жауап берді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл маневрлер Дачен аралдары маңында өткізілді. Дачен аралдары 1955 жылға дейін Тайваньның бақылауында болды, бірақ қантөгіс соғыстың бірінде Қытайдың  бақылауына түсті.

Сондай-ақ Қытай сәрсенбіде (ертең) Солтүстік-Шығыс Қытай теңізіндегі ауданда бөлек жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.

Қытайдың Шығыс Қытай теңізіндегі оқу-жаттығуы Филиппин теңізіндегі АҚШ, Жапония, Канада және Францияның қатысуымен жұма күні басталған төртжақты теңіз жаттығуларымен тұспа-тұс келді.

 

Тегтер