Маусым 17, 2023 17:33 Asia/Almaty
  • Bloomberg және Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иранның мұнай экспорты соңғы 5 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Кеплер институтының статистикасы бойынша, АҚШ санкцияларына қарамастан, Иранның шикі мұнай экспорты өткен жылдың күзінен бері екі есе артып, 2023 жылдың мамыр айында тәулігіне 1,6 миллион баррельге жетті.

Сонымен қатар, Халықаралық энергетика агенттігінің бағалауы Иранның шикі мұнай өндіруінің мамыр айында 2 миллион 870 мың баррельге жеткенін, бұл 2018 жылдың соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш екенін көрсетеді.

Энергетика сарапшылары Иранның шикі мұнай өндіру мүмкіндігі бұл көрсеткіштен жоғары және тәулігіне 3 миллион баррельден асуы мүмкін деп санайды.

Тегтер