Там 01, 2023 19:52 Asia/Almaty
  • Украина мен Хорватия астық экспорттауға келісті

Украина Сыртқы істер министрі: "Киев Загребпен өз астығын Хорватия айлақтары арқылы экспорттауға келісті",-деп хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба өзінің хорват әріптесімен кездесуінде: "Украина Хорватиямен өз астығын осы елдің Дунай өзені мен Адриатика теңізіндегі айлақтарынан экспорттауға келісті",-деді.  

Ресей өткен айда Қара теңіз арқылы астық тасымалдау келісімін орындауды тоқтатқаннан кейін Украина мен Хорватия осындай келісім жасады.

Айта кету керек, 17 шілде астық келісімін ұзартуға берілген соңғы мерзім еді. Мәскеу соңғы апталар мен айларда өз талаптары орындалғанға дейін осы келісімді орындауды тоқтататынын сан рет ескертті.

Тегтер