Там 10, 2023 22:45 Asia/Almaty
  • Байден АҚШ Конгресінен Украинаға көмек ретінде 10 млрд доллар қаражат сұрады

Вашингтондағы бір хабардар дереккөзінің айтуынша, АҚШ Президенті ел Конгресінен Украинаға әскери көмек беру үшін 10 млрд доллар қаражат сұрағалы отыр.

Есімі аталмауын сұраған хабардар дереккөзінің түсіндіруінше, Байден бейсенбі, 10 тамызда  АҚШ Конгресіне 10 млрд-тан аса доллар алуға өтініш береді.

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз өкілі сәрсенбі күні кешке: "АҚШ басшыларында Украинаға әскери көмек беруге қатысты Байденнің жаңа өтініші туралы әзірге ештеңе айта алмайды",-деді.

РИА Новостидің жазуынша, АҚШ Конгресі осы уақытқа дейін Ақ үйге Киевке әскери және экономикалық көмек ретінде 43 млрд доллар қаражат берді.

Тегтер