Там 11, 2023 23:59 Asia/Almaty
  • Гавайда болған өрттен осы күнге дейін 53 адам қаза тауып, 1700 ғимарат қирады

Гавай аралдарының бірінде орналасқан Лахайна қаласындағы орман өртінен ауқымды қирандылар қалды. Өрттен қаза болғандардың саны 53 адамға жетті. Адам шығыны көбеюі мүмкін.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы күндері Лахайна қаласында өрт алдымен шалғын шөптен басталды. Бірақ жағдай жылдам ушығып кетті. Қала тұрғындарының бірқатары өрттен қашу үшін суға кірді.

Лахайна – Мауи аралының батыс жағалауындағы туристік қала. Қазір өрт қала көшелерінен өтіп, мұхиттың жағалауына дейін жетті.   

АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, Гавай араларында соңғы жылдары табиғи өрттер жиілеп кетті. Осы жолы өрт бір шағын қаланы толық жалмады.

Гавай губернаторы Джош Грин: "Осы күнге дейін 1700 ғимаратты өрт жалмады. 2000-нан аса адам түнді күркелерде өткізді. Мауи аралында 11 мың адам электр қуатынсыз қалды",-деді.

Тегтер