Там 28, 2023 20:21 Asia/Almaty
  • Канани: 28 шахривар – Ирактың Күрдістан аймағын қарусыздандыруға және лаңкестерді шығаруға берілген соңғы мұрсат

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "28 шахривар – Ирактың Күрдістан аймағын қарусыздандыруға және лаңкестерді шығаруға берілген соңғы мұрсат",-деді.

Канани: "Иран мен Ирактың келісімі бойынша, бұл мерзім ұзартылмайды. Осы күннен кейін Иран өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз жауапкершілігіне сай әрекет етеді",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Иранмен тікелей диалог өткізуге өтініш жасағанына тоқталып: "Америкалықтар осындай өтініштермен қоса, деструктивті қатынас жасап, Иранның танкерін тәркілеп, мұнайын құйып алды",-деді.  

Канани: "Иранның мүддесі мен мүлкіне қол сұғу жауапсыз қалмайды. Бұл позиция АҚШ-тың мүддесін қорғаушы Швецарияға жарияланды",-деді.

Канани сондай-ақ Иранның активтерін босату үдерісі және Иран мен АҚШ арасында тұтқындармен алмасу келісімінің 4-7 апта ішінде орындалатынын хабарлады. 

Тегтер