Қыр 26, 2023 17:49 Asia/Almaty
  • Ислами Батыс елдерінің Иранға көзқарасын  сынады

ИИР Атом Қуаты Ұйымының басшысы Батыс елдерінің көзқарасын сынай отырып: «Бұл елдер Иранға қысым жасау үшін Агенттіктің мүмкіндіктерін  пайдалануда",- деді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Ислами мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АҚХА) Бас директоры Рафаэль Гросси АҚХА Бас Конференциясының 67-ші отырысының аясында кездесіп, Иран мен Агенттік арасындағы техникалық ынтымақтастықты дамыту және екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Иран Ислам Республикасының Атом Қуаты Ұйымының басшысы осы отырыста Батыс елдерінің көзқарасын сынап: "Бұл елдер Иранға саяси қысым жасау және санкциялар қолдану арқылы агенттіктің мүмкіндіктерін пайдалануға тырысуда",- деді. Ол АҚХА Бас директорынан бейтараптық пен кәсіпқойлықты сақтап, бұл елдердің агенттік есептерін Иранға қысым көрсету үшін сылтау ретінде пайдалануға жол бермеуді сұрады.

 

Тегтер