Қаз 18, 2023 21:20 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Ислам елдері сионистік режимге мұнай санкциясын салып, оның елшілерін елдерінен шығарсын

Иран Сыртқы істер министрі Джиддада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының атқарушы комитетінің төтенше отырысы аясында осы ұйымның бас хатшысымен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, ислам елдерінің сионистік режимге толық әрі шұғыл түрде мұнай санкциясын салып, осы қылмыскер режимнің елшілерін өз елдерінен шығаруын талап етті.

Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Таха Хұсейн Ибрахим осы кездесуде ИИР-дың Палестинаға ұдайы қолдау көрсетіп келгеніне алғыс айтты.  

 

Тегтер