Қар 09, 2023 17:01 Asia/Almaty
  • Иран Атом қуаты ұйымының бұрынғы басшысы: Сионистік режимнің ядролық қаупі халықаралық ұйымдардың енжарлығынан туындап отыр

Иран Атом қуаты ұйымының бұрынғы басшысы бір сионист шенеуніктің Газа секторындағы Палестина халқына қарсы атом бомбасын қолдану туралы сөздеріне тоқталып: "Мұндай өрескел мәлімдемелер жасау халықаралық ұйымдардың енжарлығын көрсетеді",-деді.

Әли Акбар Салехи ISNA-ға берген сұхбатында "Халықаралық  ұйымдар, соның ішінде АҚХА осындай мәлімдемелерге қатысты қандай шара қолдана алады?" деген сұраққа жауабында: "Бір сионист уәзір осылай қоқан-лоқы жасау арқылы шын мәнінде бір жағынан режимде атом бомбасы барын мәлімдеді, екінші жағынан жаппай қырып-жою қаруын қолдануға дайын екенін көрсетті. Мұның өзі олардың хайуандық болмысын көрсетеді",-деді.

Әли Акбар Салехи мұндай өрескел мәлімдемелер жасау халықаралық ұйымдардың енжарлығын білдіретінін айтып: "Ойлап көріңізші, бұл сөзді басқа бір елдің шенеунігі айтқанда қандай шу болар еді?"-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының бұрынғы басшысы: "Халықаралық қауымдастық мұндай сөздер мен қоқан-лоқыларға үнсіз қарап тұрмай, шара қолдануы тиіс",-деді. 

Тегтер